Саясат

Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

Түркістан облысында балық шаруашылығы іске қосылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын. Қазіргі таңда сол құрылысы жүргізілген балық асырау бұғатының негізгі құрылысы аяқталып, үш  миллионға  жуық  тұқы «карп» шабақтары жіберілді.

Аталған шараға Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек, ауылдық округі әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Ал, Арысқа шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

«Дермене Агро Групп» ЖШС-і 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнімдерін алуды жоспарлауда. Бір тұқы «карп» балығының ұзындығы 40 сантиметрге жетеді, ал салмағы 800 грамм мен 3 кг аралығында болады.

Б9л балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі  аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлауда.