Саясат

Шымкентте энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын зауыт ашылды

Шымкент қаласында энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыттың өзіндік  құны 1 млрд теңге. «Болашақ-7» ЖШС өнімнің 14 түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов серіктестіктің жұмыстарымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан аталмыш кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Шикізатқа тек өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кететін жәйт, жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылып отыр.

Зауыт өнімдері Шымкент қаласымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне  де экспортталатын болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61