Саясат
Сыбайлас жемқорлық
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция басқармасы ЖПҚ бастығының орынбасары және бөлімше бастығы полиция подполковнигі Д. Жұмашевқа және полиция аға лейтенанты Р. Балтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50 пайызын төлеуге мәжбүр еткен.
"19 маусымда Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен Жұмашев және Балтаев түрлі айыппұлға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, арнаулы атақтарынан айырылды", - деп хабарлады агенттік өкілдері.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61