Weekend
Жетістікке жету деген тақырып жаныма жақын. Жетістікке кім жеткісі келмейді дейсің. Қазақтың арасынан Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Трамптар шықпайды дегенге еш сенгім келмейді. Барлығы болады. Тек, жетістікке жетудің өзіндік формуласы бар. Соны ұстанып отсаң болғаны
Үлкен жетістіктер кіші жетістіктерден бастау алатынын айтпасам да белгілі. Үлкен іске бел буып, миыңды жыртқанша, сол мақсатқа деген күнделікті 20 минутіңді арнап тұрсаң болды. Қалғаны уақытымен келеді. Сонымен кезекті жазба «20 минут теориясына» арналады.
Еріншектің ертеңі бітпейді деген жақсы сөз бар. Ертеңге қалдыра бергеннен гөрі, күніне 20 минут болсын, бөілініп отырған әрбір әрекеттің нәтижесі болады. Тау басына апаратын жол, тау астынан бастау алады. Жақсы бір бастау — істің жартысы. Барлығыңызға сәттіліктер!!!