Саясат
Мемлекет басшысының тапсырмалары
Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын одан әрі дамытуға бағытталған құжат». Белгілі саясаттанушы Жанар Төлендинова осылай дейді. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырманы жүзеге асыруға үкімет бел шеше кіріседі деген сенімде.
Жанар Төлендинова, саясаттанушы:
- Президент жүктеген тапсырмалар халықтың жағдайын едәуір жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік салаға басымдық көп екені байқалады. Ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысын арттыру да айтылған. Ең бастысы, жастарға көп көңіл бөлінетін болды. Оларды жұмыспен қамту, жатақхана, тұрғын үймен қамту қажеттігі баса айтылды. Үкімет бұл тапсырмаларды тез арада жүзеге асырады деген үміт басым.