Weekend

ҰБТ-дан құлап қалсаң, грантқа қайда түсуге болады?

ҰБТ сәтті өтсін, талапкерлер! Дегенмен, қаншалықты жақсылық айтып, тілек тілесек те, арамызда қобалжудан, бәлкім, ұпайы жетпей грант ала алмай қалатындар болады. Міндетті түрде болады. Уайымдамаңыздар, ақысыз оқудың басқа да жолдары бар. Ол жайлы төменде:

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіз, талапкер, қазақстандық универге грантқа түспей қалсаңыз, мәселе емес. Ақылы да оқи аласыз. Ал мақсатыңыз ақысыз оқу болса, шет елдегі универлердің гранттары бар екенін білуіңіз керек. Өмір ҰБТ-мен, ал білім Қазақстанмен шектелмейді. 

1. Yeni Yüzyıl университеті (бакалавриат)

Yeni Yüzyıl жоғарғы оқу орны Ватун Канун атындағы денсаулық сақтау және білім фонды басқаратын жеке меншік университет болып табылады.

Университет Стамбул қаласында қоныс тепкен және бакалавриат деңгейі бойынша ағылшын және түрік тілінде тегін білім береді. Сонымен қатар, тілдер бойынша дайындық курстары да бар.

Сипаттама

Университет төмендегі мамандықтар бойына студенттер қабылдайды:

Түрік тілінде:

1. Молекулярлық биология и генетика

2. Биомедициналық инженерия
3. Интерьер дизайны
4. Гигиена и безопасность труда
5. Графикалық дизайн
6. Визуальдый дизайн

7. Электротехника және электроника

Ағылшын тілінде:

1. Ағылшын тілі және әдебиеті
2. Ауызша және жазбаша аударма ісі
3. Диетология

Талаптары

Төмендегі құжаттар керек болады:

● Паспорт
● Түрік тіліне аударылып нотриусте растталған Диплом/Аттестат
● Түрік тіліне аударылып нотриусте растталған транскрипт нұсқасы
● Шет тілін меңгергені жайлы сертификат ( ағылшын/түрік тілі, B2 деңгей немесе одан жоғары)
● Басқа да сертификаттар (YOS, ACT, SAT және т.б.)

Оқуға сұраныс тапсыру процессі

Құжаттарды тапсыру үшін алдымен онлайн анкетаны толтыру қажет. Сілтеме: http://www.yeniyuzyil.edu.tr/uluslararasi/lisans-application-form.aspx

Және де басқа да университеттердің шәкіртақыларын алғыңыз келсе, https://alpha.neupusti.net сайтынан қарай аласыз. Өкініштісі, көптеген талапкерлер грант ала алмай қалғанына өкініп, ары қарай өмір сүргісі келмей қалады. Немесе, ақылы оқуға мәжбур болады. Сол үшін міндетті түрде мұндай сайттарды қарап, басқа мүмкіншіліктерді зерттеп отыру керек. 


P.S. Шет елдің университетіне түсу үшін, сіздің ҰБТ нәтижеңіз керек емес. Біле жүріңіз.