Weekend
Көпшіліктің айтуы бойынша ағылшын тілінде кино көріп, ән айтсаң тез үйренесің. Бірақ, кейде ағылшынша кино көріп отырып дым қақпайтын кездер болады. Дұрыс па?
Сол үшін кино таңдағанда өте мұқият, түсінуге ыңғайлы және оңайларын көру керек. Құдайға тоба деп айтайын, кино көруден тәжірибем мол. Назарларыңызға, ағылшын тілін үйренуде септігін тигізетін тізімді ұсынамын.
1. Friends
Интернетті шарлап, осы сериал жайында отзывтарды іздейтін болсаңыз, интернетте апта жай отырып қаласыз. Өте көп. Тіпті, бірілері сериал менің өмірімді өзгертті деп жатады. Десек те, бізге ағылшын деңгейімізді көтеруге қаншалықты көмектеседі, соны қарайық.
Біріншіден, сериал өте ерте басталған. 1994 жылы алғашқы сериясы шыққан деседі. Тілі өте жеңіл болғаннан бөлек, қалжыңдар өте көп. Ал сіз менен жақсы білетін шығарсыз, адам жақсы көңіл күйде бір нәрсе жасайтын болса, оны еш ұмытпайды немесе өте оңай ақпаратты сіңіреді. Сол үшін көруге кеңес беремін. Тілі жеңіл, әрі күліп отырып қалай тіл үйреніп алғаныңызды сезбей қаласыз.
2. Extra
Өте жеңіл, әрі ағылшынды енді бастаған адамға түсінікті болатын сериал. Әр сериясынан кейін болған оқиға бойынша қорытыны болады. Білмей қалған сөздерді асықпай тыңдап алып, қалай оқылатынын үйреніп алуға ыңғайлы жасалған.
Сюжетіне толық кірмесем де, британдық студенттердің өмірі туралы. Оларға басқа елден тағы бір студент келіп қосылады. Жаңадан келген тіл білмейтін достарына британдық қыз-жігіттер барынша көмектеседі. Солайша сериал көріп отырып сіздің ағылшын тілі деңгейіңіз жаңағы студенттікі секілді жақсара бастайды.
Elementaryдеңгейін бітірген немесе оқып жатқан студенттерге кеңес етем. Тәжірибе жағынан өте жақсы болады.
3. Начало (Inception)
Өте мықты фильм екенін жазу үшін жеке бір бөлек абзац немесе мақала керек болады. Дегенмен, орысша дубляжда оригиналдан біршама нәрсе алынып тасталған. Сол үшін ағылшын тілінде көрсеңіз, көбірек әсерленесіз.Pre-intermediateдеңгейіндегі адамдарды көруге шақырам. Одан төмен деңгейдегі адамдарға қиындау болуы мүмкін.
Ағылшын үйреніңіз, ол өте жақсы керек инструмент.