Саясат
Ердоған: АҚШ санкция қолданса, қарсы жауап береміз
The Wall Street Journal-дың хабарлауынша,Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның бейсенбі күнгі Ресейдің озық қорғаныс зымыран жүйесін сатып алу туралы шешім қабылдауына байланысты Түркияға қарсы санкцияларды қолданса,Түркия қарсы шаралар қабылдайды деді. Бірақ Эрдоған келесі аптада АҚШ президенті Трамппен кездескенде мәселенің бір шешімін табатынына үміттенетінін айтты.
Түркия мен Ресей араларындағы 2,5 миллиард долларлық ракеталық келісімі екі ел арасындағы әріптестіктің жаңа дәуірдің басталуынан дерек береді деп ашық жариялаған еді.Бірақ бұл Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа әсер етті.Сыртқы әлем де Түркия экономикасының құлдырау тұсында бұндай дипломатиялық жанжалдардың Түркия экономикасын тіпті де тығырыққа тіреуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдіруде.
Трамп әкімшілігі мен АҚШ конгресі егерде Түркия S400 деп аталатын Ресей зымыран жүйесін қабылдайтын болса, Америка Құрама Штаттары Түркияға санкция енгізетінін, сонымен қатар Түркияның бұл әрекеті Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы әскери бірлестігінің тұрақтылығына нұқсан келтіретінін айтты. АҚШ Қорғаныс министрлігі Түркияның озық F-35 жасырын шабуылдаушы үщағын зерттеу және пайдалану жұмыстарына қатыстармауы мүмкін екенін жеткізді.
Ердоған S400 зымыран жүйесінжеткізу жоспарын шілде айының басында бастайтынын және Америка Құрама Штаттарына достыққа пайдасы бар іс-қимыл жасауға шақырады. Бір жолғы шетелдік журналистермен кездесуде ол: «Құрама Штаттарының дұрыстап ойланғаны жөн, Өйткені біздің де өз санкцияларымыз бар» деді.