Саясат

Қытай мен Солтүстік Корея АҚШ-қа қарсы келіссөздерге дайындалуда

Қытай мен Солтүстік Корея жетекшілері Пхеньянда кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Ченыннің Пхеньянға іс сапарымен барған Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесу кезінде тоқырауға ұшыраған АҚШ-пен ядролық қарусыздану келіссөздері аясында ымыраға келуге дайын екендіктерін астарлай жеткізді деп хабарлайды The Wall Street Journal ахбарат агенттігі.

Си Цзиньпиңнің келесі аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізетінін ескерсек, Ким Чен Ын-ың Пхеньян саммитінде сөйлеген сөзі Си Цзиньпинге пайдалы болуы әбден мүмкін. Келесі аптада Қытай мен Америка көшбасшылары өткен айда тығыраққа тірелген сауда келіссөздерін қайта бастау туралы талқылайды деп күтілуде. Ким Чен Ын мен Си Цзиньпиннің саммиті бейсенбіден бастап екі күнге жалғасты.

Оған қарымта ретінде, Си Цзиньпиң Қытай Солтүстік кореяға өз қауіпсіздігі мен даму мәселелерін шешуіне көмектесуге дайын екенін айтты. Бұл кепілдік Пхеньянның Вашингтонмен қарым-қатынас мәселесінде өзіне сенімділігін арттыруы мүмкін.

Қытайдың ресми ахбарат құралы CCTV-дің мәліметінше, Ким Чен Ын бейсенбіде Солтүстік Корея тарапы шыдамды болуға дайын екенін және барлық тараптардың заңды мүдделеріне сәйкес келетін шешім шығару туралы ізденіс жасауға үміттенетінін мәлімдеді. Алайда ол Құрама Штаттар туралы жақ ашқан жоқ.

Бейсенбі күнгі кездесу Си Цзиньпиннің Солтүстік Кореяға сапарының бір бөлігі болды.Бұл Си Цзиньпиң Қытай президенті болғаннан тартып алты жарым жылдан бергі Солтүстің Кореяға алғаш реткі сапары болып табылады.Қазіргі таңда Қытай мен Солтүстік Корея екеуі де Құрама Штаттармен келіссөздерде жетістіктерге қол жеткізуге мүдделі екенін жасырмайды.