Саясат
Трамп Иранға соғыс бола қалса «жойылып» кететіні туралы ескертті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезидент Трамп соғысуды қаламайтынын айтты, алайда Иранға егер қақтығыс туындап жатса Иранның“жойылу” қауіпі бар екенін ескертті деп, хабарлайды BBC-News.
Жұма күні NBC-ке сөйлеген сөзінде ол АҚШ-тың келіссөздерге дайын екенін, бірақ Иранның ядролық қаруды дамытуына мүмкіндік бермейтінін айтты.
Ол тағы да осы аптада Америкалық ұшқышсыз ұшақтың құлап түсуіне қарсы жоспарланған соққы беру әрекетін тоқтату туралы соңғы минуттарда шешеім қабылдағанын айтты.Әрі бұл шешімге осы соққыдан 150 ирандық қаза табатынын естігеннен кейін келгенін меңзеді.
«Мен олай болғанын қаламадым, олай істеуге татымайды деп ойладым», - деді ол.
Тегеранның хабарлауынша бейсенбі күні таңертең ертерек Американдық ұшқышсыз ұшақ Иран әуе кеңістігіне ұшып кірген.Ал АҚШ тарапы ұшақ халықаралық әуе кеңістігінде атып түсірілген деген ұстанымда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61