Weekend
Халықаралық BilGen олимпиадалары жайлы не білеміз?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жыл сайын көктем жақындағанда елімізде жаппай BilGen олимпиадаларына дайындық басталады.
Bilge инновациялық шешімдер орталығы - халықаралық және ішкі серіктестік негізінде өзінің үйрету методикасы қалыптасқан балалар мен жасөспірімдерді интеллектуал дамыту бойынша жасақталған жартылай әлеуметтік жоба.
Замана алға қарай зуылдап, ғылым күнде жаңарып жатқан мына ғаламдық үдерістің көшіне балаларды жастай ілестірмесе, ел болашағы тұманды болары сөзсіз. Өйткені, адамға салуға болатын ең маңызды инвестиция - білім! Bilge Center халықаралық орталықтары өз жұмысын бастағанына 3 жыл болғанына қарамастан, қазіргі команданың ыждаһатының арқасында алынып жатқан белестері биік. "Білге" сөзі - көне қазақ/түркі тілінен аударғанда "Ақылды", "Білгір", "Кемеңгер" деген мағыналарды береді. Аталмыш орталықтардың міндеті - балалар мен жасөспірімдердің білімі мен танымын тереңдетіп, жоғарыда аталған ұғымдарға лайықты етіп шығару.

BilGen жобасының идеологы Әкім Тұрсын:
Біздің көптеген компаниялардан айырмашылығымыз неде екенін ойланып көрдік. Әдетте, көп компаниялардың адамдары сұқбаттарында, өткен уақыттарын еске алып отырған кезде, "Осыдан N жыл алдын бұл жобаны бастаған кезде, бұлай үлкен жобаға айналамыз деп ойламаған да едік!" деп жатады. Әлбетте, ол сөйлемдерде керемет романтика бар. Бірақ, бұл біз жайлы емесі анық.
Bilge өз жолын үлкен қаржымен яки керемет әкімшілік қолдаумен бастаған жоқ. 3 жыл бұрын Білге жобасы мүдделес екі-үш адамның ізгі ойларынан басталған болатын. Ең алғаш рет осы әлеуметтік желілерде жарнамасын жасап бастаған кезіміз естеріңізде болар. Дәл ол кезде біздің орталықта 10 бала оқитын еді. Барлығы да тегін. Дәл қазір олардың саны сан мыңдап кетті. Біраз жол жүрілді. Аралық қиындықтар орын алған кезде, идеяға сенгендердің құрамынан мықты жоба жасай алдық. Аралық кризистер деген көп нәрсені анықтап, қайта жүйеленіп, өз-өзіңе келуге көмек береді ғой өзі. Біз бір жылдан соң, 3 жылдан соң жобаның жағдайы қандай болатынын білдік. Келесі жылы, 5 жылдан кейін, 10 жылдан соң да не болатынын білеміз. Өйткені, мақсатымыз анықталған, миссиямыз нықталған, жоба аясындағы ізденіс пен жүйелену бір минутқа да тоқтаған емес. BilGen өзіне жаңа технологияларды негіздеген жоба. Білім алу мен олимпиада процесстері негізінен онлайн форматта жүреді.
Өткен айларда Республика бойынша BILGE халықапалық инновациялық шешімдер орталығы мен СЕРПІН білім және инновациялар палатасының ұйымдастыруымен Республикалық "BILGEN" интеллектуалды олимпиадасы өтті. Мақсат - Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында жаңа толқынды білім жарыстарының форматтары мен байланыстарын қалыптастыру. Бұған дейін облыс орталықтарында өткен олимпиадалар нәтижесінде өз аймақтарында жақсылап шыныққан мыңдаған бала облыс орталықтарына аталмыш олимпиадаға жиналды. Келесі кезеңде Алматы қаласында үлкен екі олимпиада өтті. Олимпиада аясында пәндік бағыттармен қатар логикалық есептеу, гуманитарлық салалар бойынша бөлімдер болды.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшыныстарын арттыру;
- Оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу;
- Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;
- Оқушыларды жеке жұмыс жасауға үйрету;
- Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік;
- Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру.

2019 жылы 20 мамыр және 20 маусым Алматы қаласындағы «Алматы арена» мұз айдынында 8000 адам қатысқан үшінші Республикалық BilGEN (Baige, Alaman) және төртінді Bilgen Oysana олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтті.
Осынау ауқымды республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау үшін ҚР танымал әншілерінің қатысуымен өтетін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Алматы қаласының барлық оқу орындары: балабақша мен мектептерден бастап университеттерін қоса алғанда орасан зор білім көрмесін өткізді. Білім көрмесінде соңғы жылдары танымал әрі сұранысқа ие бола бастаған мамандықтар жайлы толық ақпарат берілді.
Екінші рет өтіп тұрған олимпиада 1 және 11 сынып оқушылары арасында зор қызығушылық тудырып, балалар арасында сұранысқа ие болып отыр. Екінші олимпиадаға республика бойынша 2018-2019 оқу жылында 50 000 дарынды оқушы белсене қатысты. Елдің әр өңірінен келетін жеңімпаздар Алматы қаласында өтетін осынау марапаттау кешіне жиналды.
Бір адамның кіші ізденісі бар ғаламның үлкен өзгерісін тудырып жатады ғой. "Бүгінгі бала - ертеңгі дана" деп өрнектеген екен бабаларымыз мұны. Елтұтқа болар жас білгелердің білімін осы бастан аялап жатқан орталық жұмысына платформа атынан сәттілік тіледік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61