Саясат
Судың да сұрауы бар
Үндістанның ең үлкен қалаларының қатарында алтыншы орынды алып тұрған, 9 млн халқы бар Ченнаиде бірнеше апта бойы су жетіспеуі орын алуда. Мегаполистегі өмір тоқтап тұрған секілді: көптеген бюджеттік мекемелер, сондай-ақ дәмханалар, мейрамханалар мен қонақ үйлер жабылуға мәжбүр болуда.
Қалалық қызметтер қалыпты сумен жабдықтауды 40%-ға қысқартты. Қала бойынша барлық кондиционерлер сөндірілген, ауруханалар емделушілердің ағымын игере алмай жатыр, көптеген компаниялар қызметкерлерін үйлеріне жіберді.
IT-саласы қызметкерлерінің жергілікті қауымдастығының басшысы Вино Калигай, Би-би-си басылымына компьютерлік фирмалардың қызметкерлері мүмкіндігінше үйден жұмыс істейтінін растады, алайда бұл шешім жағдайдың шешілуіне толыққанды көмектесе алмайды.
"Үйде су да аяқталады, сондықтан біз не істеуіміз керек?", - деген сұрақ қояды ол.
Үндістанда мамыр айының ортасында басталған ыстық, ауқымды құрғақшылыққа әкеліп, ондаған адамның өліміне алып келді.
10 маусым күні, Үнді елінің астанасы Нью-Делиде осы айдағы жаңа температуралық рекорд орнатылды, көлеңке жердің өзінде ауа температурасы Цельсий көрсеткіші бойынша 48 градусқа көтерілді. Бұған дейін бірнеше күн бұрын Үндістанның солтүстік-батысындағы Чуру қаласында термометр бағанасы 50 градустан жоғары көтерілді.
Бұл ретте климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты, жыл сайынғы жауын-шашынның көп болуы және ұзақтық мөлшері азайып бара жатқанын атап кеткен жөн.
Ауыз судың тапшылығы бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Мәскеу, Пекин, Стамбул, Лондон және Токио мегаполистеріне да қауіп төндіруде. Өткен жылы тұщы су қоры іс жүзінде сарқылған, әлемдегі алғашқы ірі қала оңтүстік африкалық Кейптаун болды.
Ченнаи тұрғындары болса, күн сайын бірнеше сағат бойы ауыз су цистерналарын күтуде.