Саясат

Бақытжан Бұқарбай: Елдің қамын тек сіздер ғана ойлап жүрген жоқсыздар

Қоғам талқылауы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласында жастар атынан ескерткіш қою керек туралы айтқан «Жас Отан» жастар мүшесінің өкілі әрі белсенді Мәди Ахметов әлеуметтік желіде сынның астына қалған болатын. Осы болған даудан кейін Дәулет Кәрібек мырза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Аталған жазбаға белгілі жазушы Бақытжан Бұқарбай да жауап берді.

Дәулет Кәрібектің жазбасы:

Соңғы кездерi əлеуметтiк желiде тек айыптау немесе сынау ғана үлкен «сұранысқа» ие. Қандай тақырып, пiкiрталас болсын тек құр мысалдар мен бiр жақты қɵзқараспен жазылады. 
Жақында «ЖасОтандық Мәди Аxметов Елбасына арнап ескерткіш қоюды ұсынды» деп əлеуметтiк платформалар шулап жатты. 
Қолданушылардың бiр бɵлiгi, Мəди неге барша жастардың атынан сɵйледi десе, екiншiлерi жағымпаздықтан жасалған ұсыныс деп айтты. 
Бiз, Елбасы ɵзi құрған 20 жылдық тарихы бар, елiмiздiң ең үлкен «Nur Otan» партиясының жастар қанатымыз. 
Ɵз бiлiмiмiз бен күшiмiздi, болашақта ел тiзгiнiн бекем ұстайтын, елiмiздiң мызғымастығын нығайтатын, кɵк байрағымызды кɵкке кɵтеретiн, жүрегi «елiм, жерiм» деп соғатын ұлт жанды жастарды тəрбиелеймiз. 
Əрбiр Жасотандық күнделiктi iсiмен бiлiм, ғылым, мəдениет, спорт саласында елiмiздiң қарыштап дамуына сүбегелi үлесiн қосуда. 
Əрбiреуi тек сɵзбен ғана емес, iспен əлде қайда дəлелдеп,жасап жатыр.
Мəдиге келетiн болсақ, 
Біріншіден, Мәди барша қазақстандық жастардың емес, өз айналасындағы, қасында жүрген жастардың ұсынысын жеткізді.
Екіншіден, бұл ұсыныс жағымпаздық емес, бұл Елбасының Қазақстан үшін арнаған өмірі мен сіңірген еңбегiнiң кɵрiнiс әрі берiлген мадағы, мұны әр қазақстандық жақсы біледі әрі бағалайды деп ойлаймын.

Бақытжан Бұқарбайдың жауабы:

Дәке, Құдайға шүкір, біз де еліміздің дамуына үлес қосудан кенде емеспіз, мыңдаған азаматымыз сияқты қу тіршілік пен жан бағу жағдайында жүрсек те, мемлекеттен бір тиын жәрдем көрмей, қолдан келгенше елімізге еңбегімізді сіңіруге тырысып бағудамыз. Сондықтан, "біз өйтіп жатырмыз, бүйтіп жатырмыз" деп жасаған істеріңізді міндетсінудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Елдің қамын тек сіздер ғана ойлап жүрген жоқсыздар.

Енді өзіңіз мәселені көтерген екенсіз, айтпаса сөздің атасы өледі демекші, біз де сізге 4 сұрағымызды жолдайық, соларға жауап беріңізші:

1) қоластыңыздағы жігіт барлық жастардың емес, өз айналасындағы, қасындағы жастардың ғана ұсынысын жеткізді дейсіз. Олай болса ол неге: "Біз барша қазақстандық жастардың емес, өз айналамдағы, қасымда жүрген жастардың атынан ескерткіш орнатуды ұсынамын" деп айтпады? Ұмытып қалсаңыз не естімесеңіз, Мәдидің БАҚ-та жарияланған сөзін келтірейін: "Біз ЖАСТАРДЫҢ АТЫНАН Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз".

2) Қоластыңыздағы жігіттің сөзін жағымпаздық емес дейсіз. Алматыда бір емес, екі жерде тұңғыш президенттің мүсіні тұр. Жағымпаздық демегеннің өзінде, бір қалада бір кісіге үшінші мүсіннің қойылғанын дұрыс санайсыз ба? Адамға тірі кезінде ескерткіштің қойылуына көзқарасыңыз қандай?

3) Қоластыңыздағы жігіт тұңғыш президентті "еліміздің негізін" қалаушы деп отыр. Сан ғасырлық тарихымыз, Керей мен Жәнібек сияқты елдігіміздің іргетасын қалап кеткен тұлғаларымыз барда осылай сөйлеу біз үшін геосаяси тәуекелді арттырып, елімізге кесірін тигізуі мүмкін деп ойламайсыз ба? Әлде "Жас Отан" еліміздің тарихы тек соңғы 30 жылмен шектеледі деп санай ма?

4) Халықты ақымақ көруді қашан қоясыздар?