Саясат
200 миллион доллар тұратын яхта
Қазақстандық миллиардер Алиджан ИБРАГИМОВТЫҢ мегаяхтасы түріктің Бодрум қаласына келді. Бұл туралы aa.com.tr сайты жазады.
Құны 200 миллион доллар тұратын яхтаның ұзындығы 100 метр екен. 30 каюталы су көлігінің фотолары да интернет басылымдарға жарияланып кетті. Кейбір ақпарат құралдары қазақстандық миллиардердің Эгей теңізін аралап шыққанын хабарлайды. Ол әйелінің туған күнін атап өту үшін Бодрум шаһарына тоқтапты. Қасында бизнестегі серікі Александр МАШКЕВИЧ те бар көрінеді.
2018 жылы FORBES журналы Алиджан Ибрагимовтың 2,3 млрд АҚШ доллары барын жазған-ды. 66 жастағы кәсіпкер Александр Машкевич, Патох ШОДИЕВТЕРДІҢ бизнестегі серіктесі. Барыс, Құрмет ордендерінің иегері.