Weekend

ҰБТ тапсыратындарға 3 кеңес

Сәлем, қобалжып отырған талапкер! Ертең, 2 күн кейін, маңызды емес, әйтеуір сол ҰБТ емтиханы келеді. Әрине, сен шетелде проект қорғап келгендерден болмасаң, қашылып құтылмайсың. Тапсырасың, былай айтқанда 1 күндік төңкеріліс кезеңінен өтесің

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Cаған ҰБТ-да пайдалы болатын 3 кеңес дайындадым. Оқып, қолдан, болмаса өз сөзім өзімде.

1.     Азғыры дәрежеде дайындал. Пробныйда алып жүрген ұпайдан -+10 жинап қалуың мүмкін. Оны да есте сақта. Қандай нұсқа және сұрақтар келетінін білмейтін болғандықтан, былай да дайындығыңды жаса. Сен түсіндің мені, бастысы.( Кім біледі, бәлкім, жақсы мүмкіндіктер болып қалуы мүмкін. Бірақ, дірілдемей, ұсталынба, сенбесең, ең жақсысы алып кірме).

2.     Барлығың естіп үлгергендей су мен шоколад алып кіру керек деп жатады. Миыңа көмектеседі, анау мынау. Десе де, олNZTемес, миыңа нейрондардың толқынын құйып жібермейді. Оның орнына ауызашарда қолданылатын құрма мен миіз алып кір. Пайдасы молырақ болады дейді, 140 ұпай жинаған Шияара. Инстаграмы, міне https://www.instagram.com/p/By8HkySFrP8/. Өзінен сұрап көр)

3.     Емтиханға кіргеннен кейін, ата-ана үміті, достарым не айтады, сыныпта соңғы болып қалмаймын ба және де басқа да артық ойлардың бәрін өшіріп таста. Миың ақ парақ секілді таза болсын. Тек емтиханға зейін ғой. Сен және емтихан бар, болды. 3 сағаттан кейін қалағаныңды істейсің. Әзірге тек ҰБТ.

Мысалы, мен ҰБТ-дан кейін сыныптастарыммен біргеCounterStrike1.6 ойнауға кеткенмін. Нәтижесі шығып қойғаннан кейін ғана келіп, ұпайды біліп, сосын үйге қайттым.

Бастысы, кабинеттен шықаннан кейін нәтижесі не болады деп уайымдама. Себебі, сен қолыңнан келетін барлық нәрсені жасадың. Ары қарай болғанымен базар жасап, ары қарай шешім қабылдайсың. Өмір өзі біршама шешім қабылдаудан тұрады. Дұрыс шешім қабылда, өзіңді алдама, сонда ұтылмайсың. Өзін алдап, басқаның көзінде жақсы көрінуге тырысқан адам ешқашан өзінің өмірін сүрмейді.