Саясат

Бір айда екінші рет: Парламент отырысында Нығматулин қандай мәселені көтермек?

Парламент отырысы екінші рет өтпекші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жолы парламенттің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді, енді алдағы жұма 28 маусымда өтпек. Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда өтеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген мәжілістің сайтында жарияланған өкімде.

Бұдан бұрын сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді. Күн тәртібінде екі мәселе болды – елдегі конституциялық заңның сақталуы және 2018 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі.

Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдегендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы қайта қарап, адамның ар-намысына қол сұқпау және жекеменшік құқығы кепілдігін нығайту қажет.

Сонымен бірге Мәми мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін айтты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысына ие болып, жеңіске жетті.