Саясат

4 күндік жұмыс аптасын енгізу қарастырылып жатыр

Жұмыс аптасы қысқарса, жалақы да азаюы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде 4 күндік жұмыс аптасын енгізу ұсынысы қызу талқыға түсіп жатыр. Ел азаматтарынан осы ұсынысқа қатысты сауалнама да жүргізген.

Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметінше, тұрғындардың жартысына жуығы - 48 пайызы бес күндік жұмыс күні қала бергенін қалайды екен. Себебі олар жұмыс аптасы қысқарса, онда жалақы азаяды деп ойлайды.

Мұндай жағдайды бұған дейін премьер Дмитрий Медведев айтқан болатын. Ал төрт күндік жұмыс күніне өтуді сауалнамаға қатысқандардың 29 пайызы қолдапты. 17 пайызы болса бәрібір екенін айтса, 6 пайызы жауап бере алмаған. Сауалнама мәліметінше, қатысқандардың ішінде бастаманы қолдамағандар негізінен 100-500 мың адам аралығындағы шағын елді мекендердің 60 жастан асқан тұрғындары.

Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург тұрғындары (25-34 жас аралығы) төрт күндікке өтуді қолдаған.