Саясат

10 жылдан бері бірнеше жарылыс болған Арысқа неге бей-жай қарап келеміз?

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін 24 маусым күні Түркістан облысы, Арыс қаласында жарылыс болды. Ресми ақпарат бойынша, бұл  әскери бөлімше қоймасында болған апатты жағдай. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды. 

Жарылыс туралы хабар таңғы сағат 9.20-да түсті. Жарылыс туралы әлеуметтік желіде түрлі фотолар мен видео тарап, тіпті ел ішінде адам ақылына келе бермейтін бейресми аудиолар да пайда бола бастады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде төмендегідей мәлімдеме жасады:

Оқиға болған жерге 40 автобус аттанды. Қала тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары да жүріп жатыр. Қазіргі мәліметке сүйенсек, адам шығыны мен жапа шеккендер туралы әлі нақты ақпарат жоқ.

Осыдан 10 жыл бұрын...

2009 жылдың наурыз айында дәл осы Арыс қаласында қоймадағы жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақтар атылған. Жарылыс кезінде 4 адам қаза тауып, 20-ға тарта адам жапа шеккен болатын. Мемлекет тарапынан берілген ресми мәлімдемеде, жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болған.

2014 жыл

Арыс қаласындағы «Қазақжарылысөнеркәсібі» АҚ аумағында дәл осындай оқиға орын алып, 2 адам қаза тапқан.

2015 жылдың қарашасы

Арыс қаласы, полигон аумағында жарылыс болып, 1 адам мерт болды. Ресми ақпарат дерегінше, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

Бұл осымен ресми түрде мәлімдеме жасалып, орын алған Арыстағы төртінші жойқын жарылыс.