Саясат
Арыстағы жарылыс
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАрыс қаласындағы жойқын жарылыстан кейін оқиға орнына ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер аттанды. Бұл туралы деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Арыс әкімінің өкімімен қала халқы 50 шақырым жерде орналасқан Мұнайтас ауылдық округіне көшіріліп жатыр, ол үшін 20 автобус бөлінген. Сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялау үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді» делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласында 15 эвакуация бекеті құрылған. Қазір Арыстан жеткізілген 17 бала Самал-3 шағын ауданында орналасқан Назарбеков атындағы №87 мектепке орналастырылды.
Ресми мәліметке сүйенсек, өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 75 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінен 118 адам мен 7 техника жіберілді. Төтенше оқиға орнында ҚР ІІМ бөлімдерінен барлығы 463 адам мен 53 техника жұмыс істеп жатыр, оның ішінде азаматтық қорғаныс органдарынан - 193 қызметкер мен 23 техника, полиция бөлімшелерінен - 270 қызметкер мен 30 техника.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61