Weekend

Солтүстік Қазақстанға 5 мыңнан астам адам көшіп келген

Ал, кеткендер саны - 8,5 мың

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысының халқы 9 айда көші-қон процесінің есебінен 3,3 мың адамға қысқарған.

Статистика департаменті осы кезең ішінде өңірде тұрақты тұруға 5 мыңнан астам адамның келгенін есептеді. Ал, кеткендер саны - 8,5 мың. Соған қарамастан, өңірден кету қарқыны 10%-ға қысқарған.

 «ТМД елдеріне көшкендер саны өсіп, 2,5 мың адамды құрап отыр. Ал, келгендер саны 25,8%-ға қысқарып, 411 адам болды. Біздің облыстағы эмигранттар санының басым бөлігін Ресей қабылдап жатыр. Олар ТМД-ға қоныс аударғандардың 98% құрап отыр. ТМД елдерінен облысқа келгендер ішінде де РФ көш бастауда», - делінген департаменттің хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан тұрғындары Польша, Германия және АҚШ-қа кетіп жатыр. Келгендер ішінде Қытай және Германия тұрғындары басым. Өңіраралық миграцияда Ақмола облысы мен Астана қаласы көш бастап отыр. Облыс ішінде қоныс аударғандар саны да

Дереккөз: inform.kz