Саясат
Осының бәрі кедейлерге көмектесу үшін
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор мемлекет басшыларының демалуына арналған Косумель аралындағы жеке үйлерді сатуға және түскен қаражатты арал орналасқан Кинтан-Роо штатының кедейлеріне көмек көрсетуге бағыттауға ниетті екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Обрадор өзінің Плайя-дель-Кармен қаласында, жексенбі күні жасаған баяндамасында мәлімдеді.
Сол күні Мексикада есірткі сатушыларға тиесілі үйлерді сату бойынша аукцион өткен болатын. Ашық сауда-саттықта сатуға қойылған есірткі бизнесінің 27 резиденциясының тоғызы сатылды. Осы аукционда мемлекет 56,6 млн песо (шамамен $3 млн) ақша тапты, олардың басым бөлігі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге жұмсалады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61