Саясат
Трамп Ганконг мәселесін талқылаймыз деді
24 маусым күні ресми Бейжиң АҚШ президенті Доналд Трамтың Си Цзиньпинмен кездесу барысында HongKong-дағы жаппай наразылық туралы талқылауды жоспарлап жатырмын деген сөзіне жауап ретінде осы аптада өтетін G20 самитінде Hong Kong мәселесін талқылауға әсте жол бермейміз деді.
Осы айда бұл жартылай автономиялы қалада өткен ауқымды ереуіл шаралары дүниені дүр сілкіндірді. Себебі миллиондаған Ганконг тұрғыны қытай құрлығына экстрадициялауға мүмкіндік беретін заң жобасын алып тастауды талап еткен болатын.
Трамп 1997-ші жылы Ұлыбритания Ганконг-ты Қытайға қайтарып бергеннен кейін өте нашар саяси қайшылықтарды бастан кешкені жайлы сараптады. Ол жаппай наразылықтың себебі түсінікті екенін, әрі ереуілшілер «Қытаймен бір келісімге келе алады» деп үміттенетінін айтты.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео кейінірек Трамптың жұма және сенбі күндері Жапонияның Осака қаласында өтетін G20 саммитінде Си-мен Ганконг мәселесін талқылайтыны туралы айтты.
Бірақ Қытайдың сыртқы істер министрінің орынбасары Zhang Jun G20 жаһандық экономикалық мәселелерді талқылайтын форум екенін,әрі Си және Трамп саммит барысында АҚШ-Қытай сауда соғысына негізделген келіссөздер жүргізуге бұған дейін келісіп қойғанын айтты.
Сидің G20-ға қатысуы туралы баспа сөз мәжілісіндеZhang: «Мен G20 саммитінде Ганконг мәселесін талқыламайтындығын және бұл мәселені талқылауына мүмкіндік бермейтінімізді сенімді түрде айта аламын», - деп мәлімдеді.
«Ганконг істерінің барлығы Қытайдың ішкі істеріне жатады және ешбір шет мемлекеттің араласуға құқығы жоқ», - деді ол.Әрі Ганконг қаласы Қытайдың ерекше әкімшілік ауданы екенін атап өтті.