Саясат

Арысқа Президент келе жатыр

Тоқаевпен бірге құзырлы органдардың басшылары да аттанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.

Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.