Weekend
Свиристел құсы жайлы дерек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлем бойынша неше түрлі жануарлар мен құстар түрі кездеседі. Оның барлығында адамзат танып біле алған жоқ. Кейбір тіршілік иелері тек бір материк аймағында кездесетін болғандықтан, оны келесі бір аймақтағы адамдардың танымауы мүмкін. Сондай тіршілік иесінің бірі - свиристел құсы болып саналады. Құс атауын өзімде алғаш есітіп отырмын. Сондықтанда оған қазақша «балауыз» есімін бергім келіп тұр.
Бұл ерекше құс – Еуразияның солтүстік аймақтары мен Солтүстік Американы мекен етеді. Оның пішіні кішкентай болғанымен, өте әдемі және де ән салатын құстар қатарына жатады. Бүгінгі таңда свиристел құстарының қалай өмір сүретіндігі жайлы мәліметтер өте аз екен. Тіпті биологтардың өзіне беймәлім. Осыған байланыс бұл құс түрінің пайда болғанын көп болмаған деген болжам жасауға болады. Деген свиристельдердің 3 түрі бар екен. Олар: қарапайым свиристел, амурлық свиристел және америкалық свиристел. Бұл құс түрі көбінесе қылқан жапырақты және қайың ормандарында тұрады, сонымен қатар шығыс Сібірде ормандарында да кездеседі. Свиристел қоныс аударатын құстарға жатпайды, бірақта қыс айларында әдеттегі мекен-жайларынан оңтүстік жаққа қарай жылжиды. Осылайша олар Қырымда, Франция, Италия, Швейцария, Болгария, Румыния, Польшажәне Түркия сынды мемлекеттерде өмір сүреді. Сондай-ақ Фарер аралдарында, Исландия және Гренландияда да кездеседі. Свиристел құстары жібектей әдемі қызыл-қоңыр мамықтарымен өзге құстардан ерекшеленіп тұрады. Ақ және сары сегменттер құстардың ұзын қанаттарында айқын көрінеді, құйрықтарында сары түс кездеседі. Тұмсықтары тікелей болғанымен, ақыр соңында кішкентай тістерімен аяқталады. Әйелдер мен ер құстарды сыртқы бейнесінен ажырату мүмкін емес, бір-біріне өте ұқсас болып келеді.
Көктемде балауыз құстар жұптарға бөлінеді де ұя салу кезеңін бастайды. Құрғақ шөптерден мүкпен орап ұялар сала бастайды. Ұялары негізіген жерден қатты жоғары емес қылқан жапырақты ағаштарда орналасады. Әдетте онда көк түсті 5 жұмыртқа болады. Маусым айында әйелдер жұмыртқаны бақылып жатады.Ал әке құстар оны тамақпен қамтамасыз етеді. Шамамен 2 аптадан кейін балапандар жұмыртқаны жарып шығады. Арадан 15 күн өткен соң жас балапандар өздері қоректене бастайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61