Саясат

АҚШ интернет шабуылынан алаңдаулы

АҚШ-Иран қақтығысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Иранның интернет желілік шабуылынан алаңдайды, деп хабарлайды Wall Street Journal ақпараттық сайты.

АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі ресми тұлғаларының пікірінше, егер Таяу Шығыстағы бірқатар оқиғалар Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуына әкеліп соқтырса, онда Иран АҚШ-қа қарсы кибершабуыл ( желілік шабуыл) жасамақшы көрінеді. Бірқатар киберқауіпсіздік(желі қауіпсіздік) компанияларының айтуынша,олар Иранның қатысты компьютерлік желілерді нысанаға алғаны туралы белгілері бар екенін байқаған.

АҚШ-та орналасқан желілік қауіпсіздік компаниясының зерттеушілері соңғы бір апта ішіндеИран үкіметінің қолдауымен АҚШ үкіметіне және жеке компанияларға бағытталған, әсіресе найзағай фишинг арқылы жасамақ болған интриграция әрекеттерін байқаған. Бұл хакерлік шабуылдар АҚШ пен Ирактың арасындағы қақтығыс жағдайына байланысты көрінеді, бірақ бұл шабуылдардың барлығы сәтсіз болған.

Бас штабы АҚШ-та орналасқан киберқауіпсіздік корпорациясы – Fireeye Inc, қысқаша  FEYE компаниясының мәліметтік талдау бөлімінің жетекшісі John Hultquist мәселе бұл екі ел арасындағы қақтығыспен байланысты интеллекттер (мәліметтер) жинау әрекеті мен шапқыншылық сипатқа ие шабуылдың қайсысы болғандығында, Мысалы жойып жіберу немесе талқандау мақсатындағы шабуылға дайындалу және т.б. деді.

Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы делегациясы бұл туралы тілшілерге дереу түсініктеме бермеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61