Саясат

Жарылыс: Президент зардап шеккендердің көңілін сұрауға барды

Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады.

Аурухана дәрігерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.

Арыс қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралады.

Президент эвакуация жұмыстарының барысы мен жарылыс ошақтарын тоқтату, өрт сөндіру туралы мәлімет алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын көрді.

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының, қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтып, осы қарқынды бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.

Еске салайы06 24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан бір адам қаза тауып, отыздан астамы жарақат алған. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ахуал ішкі істер органдарының бақылауында.