Саясат
Арыс оқиғасы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБарша Алаш баласы Арыс жаққа қарап, алаңдап отыр. Кеше орын алған апат қазақ халқына түскен тағы бір сынақ. Ұлттық пен иттік көрінген сәт.
Әскери қару-жарақтар жарылып, дүние аласапыран болды. Сарбаздардың қарапайым халықты көлікке салып, өздерінің апат орнында борыштарын өтегенін, қарапайым қазақтың қаймана қазақ баласын құтқарып, қауіпсіз жерге әкеткенін, әлеуметтік желіде жоғалған балалар жайлы ақпаратты таратып, ана мен бала қауышуын тездеткен ізгі жандардың көптігін көріп, мешіт пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тамақ тасып, су апарғанын, Қазақстан бойынша еріктілердің көмекке ағылғанын көріп, көмек беру пунктерінің жаппай ашылғандығына, кәсіпкерлердің миллиондарды аударып жатқанына куә болып қуандым. Ұлттығымызға қуандым. Қайғының ұлтты біріктіреріне көзім жетті. Ұлт екенбіз. Тәубе!
Бірақ...Аласапыранда ұлттан құлқының қамын артық қойып, нан мен суды он есе қымбат сатқан тойымсыз саудагердің, жанармайды бес есе қымбаттатқан қанағатсыз кәсіпкердің, иесіз қалған үйді тонаған ұрыны, қайғыдан қаражат жасап қалғысы келген такси жүргізушілерін көріп мұңайып қалдым. Иттік. Жүз адамның арасында бір тексіз қылық жасайтындардың табыларына көз жетті. Жә, олар ар мен заң алдында жазасын алар.
Бастысы Арыстағы ағайын аман болсын. Қираған үй жөнделер, құлаған ағаш егілер, өртенген ғимарат салынар, бастысы қазақ аман болсын. Ұлттық мінез иттік қылықтан қашанда жоғары тұрсын!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61