Экономика

Қалай табысты болуға болады?

«Жасай аламын деген сенімің – табысқа жетудегі жарты жолды жүріп өткенің» Теодор Рузвельт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Өмірде шынайы табысқа жетудің алғашқы басты қадамы – сіздің өміріңіз үшін табыстың мәнін түсіну, сіз үшін табыс деген не екендігін білу. Біздің барлығымыз табысқа жеткіміз келеді. Өмірде табысты болғымыз келеді. Табыс – бұл қарым-қатынас және барынша күш пен уақытты талап ететін дүние. Табыс – бұл ішкі «МЕНнің», жан-дүниеңіздің тыныштығы, жайлылығы. Әр адамға «Табыс деген не?» деген сұрақ қойсаңыз, сонша рет түрлі жауап аласыз. Себебі әр адамның өмірге көзқарасы әр түрлі, өмірдегі мақсаты бөлек. Сондықтан табыстың анықтамасы жоқ. Оны сіз өзіңіз қалыптастырасыз.

Аристотельдің «Біз күнделікті нені жасасақ – солмыз. Осылайша, жетілдіру – бұл әрекет емес, әдет болып табылады»дегеніндей, күнделікті тіршілігіміз, күнделікті қайталанып жасалатын дүниелеріміз, мына өмірде біздің «МЕН» деген орнымызды қалыптастырады. Үлкен заттар кішігірім заттардан құралады, үлкен мақсаттар кіші әрекеттерден, қарапайым дүниелерден жасалады. Табысқа жеткің келеді ме..? Ұйықтар алдында ойлан, тұрғанда соны іске асыр.

Табысқа жетудің ережесі жоқ, бірақ жолдары көп. Оларды сіздер естіп те, көріп те, оқып та жүрсіздер. Алайда, ұзын сонар, құрмалас сөйлмдерден қарағанда, тізім адамның көзі үшін ұтымдырақ.

Табыс жоспарын құрыңыз;

Өз түйсігіңізді тыңдаңыз;

Уақытыңыз шектеулі екенін түсініңіз;

Өзіңізді табысты адамдармен қоршаңыз;

Өзіңізге күнделікті кішігірім мақсаттарды қойып жүріңіз;

Тәуекелге барып көріңіз;

Өзіңізді табысқа жеткен адам ретінде елестетіңіз;

Жалған наным мен идеологияданаулақ болыңыз;

Сенімділікті дамытыңыз;

Ойлаудың жаңа түрлеріне көшіңіз;

Өзекті болыңыз және әрдайым хабардар болыңыз;

Сәтсіздікті қабылдаңыз және сол арқылы үйреніңіз;

Әлеуметтік дағдыларыңызды жетілдіріңіз;

Үнемі денсаулығыңызға қарап жүріңіз;

Физикалық жаттығулармен шұғылданыңыз;

Білім алыңыз және оны әрдайым жалғастырыңыз;

Үнемі шындықты айтыңыз және адал болыңыз;

Өзіңізге және өз қабілеттеріңізге сеніңіз;

Уақытыңызды басқарыңыз;

Шыдамды, сабырлы және жинақы болыңыз;

Табысқа жетемін деген күшті құлшыныста болыңыз;

Әрдайым жаңа дүниелерге үйреніңіз;

Мүмкіндіктерге назар аударыңыз;

Ешқашан кедергілерге көңіл бөлмеңіз;

Басқалардан ерекшеленуге дайын болыңыз;

Белсенді және батыл болыңыз;

Мықты тұстарыңызды пайдаланыңыз, әлсіз тұстарыңызбен жұмыс істеңіз;

Жан тыныштығыңызды табыңыз;

Үлкен мақсатыңызды ұсақ басқарылатын бөліктерге бөліңіз;

Өз прогресіңізді бақылаңыз;

Жомарт болыңыз және сізде бар дүниемен бөлісіңіз;

Өзіңізге уақыт жағынан шектеу қойыңыз;

Табысты адамдарды зерттеңіз және олардың позитивтерін көшіріңіз;

Кейінге қалдырмаңыз;

Қажетсіз заттарға уақыт жұмсамаңыз;

Қойылған міндеттерді орындау жолында берік болыңыз және соған 100 % беріліңіз;

Эмоцияларыңызды басқарып үйреніңіз;

Өз-өзіңізді бағалаңыз, бірақ әрдайым қарапайым болыңыз;

Альтруист болыңыз және басқаларға қамқорлық жасаңыз;