Саясат
Апат нағыз жауапсыздық пен салғырттықтан орын алды
Бұл елде коррупция дерті неге шексіз жайылып кетті? Неге биліктің тағайындаулары лайықты мамандарға емес, "любимщик" жолдыбайларды таңдайды? Сонда билікке мемлекет тағдыры ойыншық па? Неге біз осылай тек салдарлармен күресеміз? Мемлекет деген киелі институт болса, неге оның киесінен қорықпаймыз?..
Біздің соғыс - қорғаныс саласы бейбіт жарылыста мынандай хәлде ал соғыс болса не болады? Негізі "апат айтып келмейді" деген сөз табиғи жағдайларға арналған. Ал мына апат нағыз жауапсыздық пен салғырттықтан, сосын білім мен ғылымнан мақрұм қалған министрліктің кесірінен деп ойлаймын. Немесе оның басқа бір саяси астары болуы ықтимал...
Білмеймін. Себебі дәл осы типтегі апат дәл сол жерде сан рет неге қайталана береді? Білетіндер жауап берсін. Ұйқыдан қалдық...
Досай Кенжетайдың facebook парақшасынан