Саясат

Өскемен автовокзалындағы кассалар сән үшін қойылған ба?

Тоғыз кассаның екеуі ғана жұмыс істейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай даңғылы бойындағы автовокзалда 9 кассаның екеуі ғана жұмыс істеп тұр.

– 9 касса тұр, бірақ екеуі ғана жұмыс істейді. Бұл не сұмдық. Ұзын сонар кезек. Жастарды қойшы, үлкен кісілер де сағаттап кезек күтіп тұр, тіпті қазір касса жабылады деп, қорқытып қояды өздері, – дейді қала тұрғыны.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл жағдайдан қала тұрғындары әбден шаршағандарын және қалған кассалардың тек қана сән үшін тұрғандарын айтады. Біз дәл осы мәселе бойынша, автовокзалға хабарласып көрген едік. Алайда бір-біріне сілтеген олар, ақырында «қазір күте тұрыңыз» деп сылтау айтып, сол бойы жауап қатпады.

altaynews.kz