Саясат
Түркістан облысы, Арыс қаласында 24.06.19 күні болған апат барлық қазақстандықтарды толғандырды. Жан-жақтан адамдар қолынан келгенше көмектесіп жатыр
Алайда, гуманитарлық көмекті жүйелі және ұйымдасқан түрде жасамаса, ол құр шығынға айналып кетуі мүмкін. Сол үшін дұрыс емес көмек беруді тоқтату керек. Жүйелі түрде, тәртіппен жасалған көмектен пайда көбірек болады.
Қазақстанның барлық қалаларынан келіп жатқан қаржылай көмекке адамдар тағам, су, гигиеналық заттар, жатын көрпе және т.б. басқа алып жатыр. Әсіресе, жақын қалалардан тағамдай, заттай көмек көбірек болып жатыр.
Бір бірін жоғалтқан адамдарды табыстырып, сонда қалып жатқан адамдарға көмектесіп жатқан еріктілердің айтуы бойынша көмектің барлығы жетіп, тіпті артылды.
Әрине, ол тек кешегі күнге. Алайда, Арысты қалпына келтіргенге дейін оларға көмек көрсету керек. Ал, жіберілген астар көпке шыдамай бұзылып жатыр. Cол үшін тоңазытқыштар керек болады.
Еріктілер өздері тарапынан қолдан келгеннің барлығын жасап, қосымша техника сататын компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі, зардап шеккен адамдарға тек 1-2 күндік көмек аз болады. Қала қалпына келгенге дейін олар да бір жерде тұру керек.
Сіздер көмекті қаржылай жібергендеріңіз, оларға біршама істі жеңілдетеді. Себебі, ол қаржыға кейіннен де азық-түлік сатып алуға болады.
Болмаса, сіздер көмектеріңізді тоқтата тұрып, келесі күндері жіберсеңіз болады. Бірақ, алдын ала ұйымдармен хабарласып, нақты не және қанша керек екенін анықтап алғанан кейін жасасаңыздар абзал болады.
Солайша, ысырап жасаудан сақтанасыз және көмекті жүйелі және ұйымдасқан түрде жасай аласыз.
Одан бөлек бір-бірін жоғалтқан адамдарды, балаларды тауып беру жұмыстары да маңызды көмектердің бірі. Интернетте көптеп жүрген суреттерді бөліспес бұрын, хабарласып, ол адамдар табылып-табылмағаны жайлы ақпарат алғаныңыздың көбірек пайдасы тиеді.
Еріктілердің белсенділігінің арқасында біршама адамдар туыстарын, балалар ата-аналарын тауып қойды. Сол үшін алдын ала ақпараттың актуалдылығын алдын ала бір тексеріп алған дұрыс.
Егер сіздің қонақ үй, хостеліңіз бар болса немесе сондай меншік иесін танитын болсаңыз, еріктілердің ұйымына хабарласып, көмек қолын соза аласыз. Ол да үлкен көмектердің бірі болады.
Өзіңізді тек қаржылай көмекпен шектемеңіз. Қалай көмектесуге болатынын ойластырып, еріктілерге хабарласыңыз. Олар сізге міндетті түрде көмектеседі.
Арыс ақпарат (Еріктілер бастаған): https://www.facebook.com/groups/453718105417247/