Саясат

Арыстағы әскери қызметкерлердің жағдайы қалай? (фото)

Арыстағы қайғылы оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорғаныс министрлігі Арыс қаласына минасыздандырудың 9 әскери тобы жіберілгенін хабарлады.

Барлық әскери қызметкерлер жарылғыш заттармен жұмыс істейді. Олар жарылмаған снарядтардың аумағын тазалауды қолға алды. 

Әскери полиция бөлімшелері тәулік бойы патрульдік жүйе ұйымдастырды, 700-ге жуық әскери қызметші қаланы қоршауға тартылған. Сондай-ақ, оқиға орнында 1200 адамға арналған шатырлы лагерь ашылды.

«Өкінішке қарай, бұрын хабарланғандай, келісімшарт бойынша әскери қызметші Сержант Алимбеков ауыр жарақаттан қаза тапты, ал екінші жоғалған сарбаз табылып,  медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр», - деп хабарлайды ведомство сайты.

Жарылыс салдарын жоюға жеке құрамның 1800-ге жуық адамы және 50-ден астам техника құралдары жұмылдырылды.

Бұдан бұрын, штаб-пәтерінде өткен брифингте қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев төтенше жағдай орынында 200 санак жұмыс істегенін, алдағы уақытта 400 маман тарту жоспарланғанын айтты. Олардың алдында енді қысқа мерзімде қала тұрғындарын қайтару үшін жағдай жасау және пойыздардың қозғалысын қалпына келтіру міндеттері тұр. 

holanews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61