Саясат

Ахметжан Есімовтың назарына

"Самұрық-Қазына" қорының басшысынан көмек сұрайды

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2017 жылы 8 ақпан күні Қытайдан Қазақ Еліне оралу мақсатыменкөшіпкележатып, ШҚО Зайсан ауданынақарасты «Майқапшағай» кедендік бақылау бекетінде 49,900 АҚШ доллары тәркіленген Мәуітхан Гүлжан есімді жесір ананың ісі қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдарында жарияланып, халықтық талқылауға түскен еді.

 

Гүлжан Мәуітхан Қытайдағы өз үйін сатып, осы қаражатқа Астанадан үй сатып алмақшы болған. Ол шекара арқылы ақшалай қаражатты өткізу ережелерін білмегенін түсіндірген. Нәтижесінде, «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сол кезде кеден бақылаушыларының қателігінен жазықсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қалтасы қағылып, ауыр жағдайға түскен Мәуітхан Гүлжан баласы Әділбек Мұқташұлымен, келінімен және кішкентай қызымен бірге ауыр күндерді басынан кешкен еді.
Нәтижесінде, Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 000 АҚШ долларын мемлекет пайдасына алу туралы шешім шығарған.
Апелляциялық сатыда сот ісін жүргізу тілі туралы талап сақталмағандықтан, шешім бұзылған. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы істі мұқият зерделеп:«Гүлжан Мәуітханның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмағанын анықтады, себебі Гүлжан Мәуітхан Қытайдан ақшалай қаражатты құпия түрде әкелу ниеті болмаған» деген қорытындыға келіп, ақыры 2017 жылдың қазан айында өз ақшаларын зорға қайтарып алған еді.

Қазақстан қоғамында үлкен талқыға түсіп, жұртты дүрліктірген бұл оқиғаның соңы тағы да шуға айналғалы тұр.

Сондай қиындықпен, азаппен келген ақшаға Астана қаласынан үй сатып алады. Үйді салған компания ол баспананы «Самұрық-Қазына» компаниясына екінші рет тағы сатқан. «Жолбарыстан құтылып, қасқырға тұтылғандай күй кешкен жесір ананың ұлы Мұхташұлы Әділбек аталған «Самұрық-Қазына» қорының басшыларынан көмек сұрауда.

Мұхтар Тайжан 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61