Саясат
24.06.19 күні Түркістан облысында болған жарылысты арыстықтар енді ұзақ айтып жүретін болады. 2 күннің ішінде кімнің кім екені білініп қалды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]· Еріктілер ұйымдары мен қоғамдық қорлар бірікті. Өте тығыз байланыста жұмыс жасап, көп адамға көмектесті.
· Қазақстанның әр облыстарынан қаржылай көмектер жасалды.
· Қоғам белсенділері оқиғаны әлеуметтік желіде тұрақты бөлісіп отырды.
· Жаңадан құрылған партия ұйымдары белсенді жұмыс атқарды.
· Жергілікті қалалық және облыстық мемлекеттік қызметкерлер өз жұмыстарын жоғарғы деңгейде орындады.
· Мұндай оқиғамен алдын кезікпеген, бір-бірін тек онлайн танитын белсенділер, жүйелі түрде ұйымдастыру жұмыстарына әлеуметтік желі мүмкіндіктерін өте сауатты қолданды.
· Арыс қаласынан бос көлікпен қашқан адамдар болды.
· Көлігіне барынша көп адам алып, басқа қалаға жеткізген қаһармандар да болды.
· Өз бастарын қатерге тігіп, көп адамды оқиға орыннан алып шыққан әскери батырлар шықты.
· Түркістан облысының басқа қалаларынан аудандарынан ерікті адамдар көліктерімен адамдар тасыды.
· Жарылыс кезінде жоғалған қарттар, жастар, балаларды бір-бірімен табыстыру процессін еріктілер өте жоғарғы деңгейде орындады.
· Арыстан қашып келген жұртты қоныстандыруда бала-бақшалар, мектептер, мешіттер, кейбір жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар өте белсенді болды.
· Арыс жайында ақпарат тонналап өндіріле бастады. Халыққа бұрыс ақпараттар да тарай бастады.
· Бұрыс ақпараттарды мемлекет және әлеуметтік желі белсенділері дер кезінде тауып, жалғандығын әшкерлеп отырды.
· Еріктілер тарапынан өте шұғыл түрде Арыстан келген адамдардың базасын енгізетін сайт жасалды. - http://arys.re.org.kz/