Weekend
Шай жойылса, халқымызға қиын болады-ау
Егер сіз бүкіл әлемдегі жүздеген миллион адам сияқты, күніңізді кофеден бастауға үйренген болсаңыз, сіз үшін жаман жаңалығым бар: бұл сусын жақын болашақта нағыз таптырмас өнім бола алады.
Оған себеп, кофе өсіру өте ерекше жағдайларды талап етеді: тропикалық климат, биік таулы, тұрақты температура және жыл бойы мол жауын-шашын. Біздің планетамызда мұндай орындар азаюда.
Жаһандық жылынудың салдарынан 2050 жылға қарай кофе өсіруге жарамды аумақ шамамен екі есе қысқарады, ал 2080-ге қарай бұл өсімдіктің жабайы табиғатта толық жоғалу қаупі бар.
Кофе дәндерінің негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылатын Танзанияда соңғы 50 жылда өнімділік екі есеге қысқарды. Таудағы ең төменгі температураның әрбір қосымша градусы кофе өсімін үштен бірге төмендетеді.
Дегенмен, іс тек тұрақты жылынуда ғана емес, сонымен қатар аурулар мен зиянкестердің таралуына ықпал ететін қысылтаяң ауа-райының басқа да көріністерімен байланысты.
Атап айтқанда, 2012 жылы Орталық Америкадағы кофе плантациялары өнімінің 50-85% саңырауқұлақ инфекциясы зақымдаған.
"Климаттың өзгеруі қысқа мерзімді перспективада айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін, - деп мәлімдеді, ең ірі кофе компанияларының бірі Lavazza өкілі Марио Черутти. - Бұл болашақ мәселесі емес, бұл қазіргі ақиқат".
Шайға келсек, бұл жерде де жағдай мәз емес.
Температура мен жауын-шашын деңгейінің жоғарылауына байланысты кейбір өңірлерде шай плантацияларының алаңы 2050 жылға қарай екі еседен астам қысқарады (мысалы, Шығыс Африкада).
Сонымен қатар, үнді ғалымдары ауа-райы сусынның сапасына да зиян келтіретінін анықтады. Муссондар әкелетін мол жаңбырлар, шайдың дәмін және хош иісін әлсіретіп, оны ылғал етеді екен.