Экономика

Ақшаны магнит сияқты тартыңыз

"Ақша - мейірімді де, зұлым да бола алады. Бірақ ол кімнің қалтасына түскеніне байланысты..." Вильгельм Швебель

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кей-кезде бүкіл мәселелеріміздің шешімі ақшаға келіп тіреліп тұрады. Ойымызда «Қалай ақша тапсам болады?», «Қайдан ақша алсам екен?», т.б. деген сұрақтар сан мәрте рет айналып жүретіні де шындық. Біріншіден, ақша – бұл қонақ. Қонақты жақсылап күтіп жіберетін адамның үйінен қонағы арылмас. Қонақ көрсе, қабағы қосылып кететін адамдарға ешкім де екінші рет жоламасы анық. Екіншіден, адам ойын түзеуі керек. «Ақша жоқ», «Тап-тақыр боп отырмын» деген сияқты магнит сөздермен жоқ дүниені одан әрі жоқ қылып бітіреміз.

Ақшаға келгенде әр адамның, оның ішінде, қалталы адамдардың өз наным-сенімі, ырымы, әдіс-тәсілдері де әр түрлі. Ақшаны шақыру туралы түрлі кітаптар да, кеңестер де жетіп артылады. Солардың бірі – фэн-шуй. Ол - сіздің айналаңызға оң энергияны қалай тартуға болатындығы жайында, атап айтқанда, оң энергиясы бар заттарды қалай таңдау және оларды барынша әсер ету үшін қалай орналастыру қажеттілігі туралы қытайдың ескі ережелер жинағы.

Ақшаны өзіңе шақыруда фэн-шуй ең басты әмиянға, әсіресе, оның ішіне салынатын заттарға көңіл бөлінуі керектігін айтады. Мысалы, әмиянға салынатын заттардың қатарында:

1.    Күміс монеталар. Күміс - молшылықтың, байлықтың, сондай-ақ жинақтауға бейімділіктің символы.

2.    Банкноттар. Банкноттар күміс монеталар сияқты әмиянға ақша тарту үшін өз әсерін тигізеді, оның ішінде, ірі сомалы ақшаларды.

3.    Күріш дәндері. Жер халқының басым бөлігі негізгі азық-түлік ретінде күрішке байланысты. Бұл жақсы өмір мен молшылықты білдіреді.Импульстік ақша шығындарын азайту үшін, сондай-ақ ақша тарту үшін әмияныңызға 21 дана күріш дәндерін салып қою ұсынылады.

4.    Жоғары шот балансы бар дебеттік карталар. Жоғары балансы бар банктік шоттардан қаржыландырылатын дебеттік карталар ақшаның үстіне ақша жиналуға жақсы энергия болып табылады.

5.    Тастар. Тастар - фэн-шуй бойынша жер элементінің тамаша көрінісі. Сондықтан олар қоректендіретін, тұрақтандыратын және берік іргетасқа негіздейтін энергияны тартады. Қара немесе жасыл түсті тастарды алуға тырысыңыз.

6.    Теңіз тұзы. Аз мөлшердегі теңіз тұзын нейлон қағазына орап, әмиянның бір бөлігіне салсаңыз болады. Тұз сіздің әмияныңыздағы теріс(жаман) энергияны өзіне сіңіреді.