Саясат
Бізде ішкі тауар айналымын қадағалайтын жүйе жоқ екен
Ресей Қазақстан аумағына келетін АҚШ өнімдеріне уақытқа шектеу қоймақ.
2018 жылдың 20 қарашасынан бастап Ресей өз аумағы арқылы Қазақстанға өтетін АҚШ өнімдеріне шектеу қоймақ. Атап айтқанда Ресей кеден қызметі Америкадан келетін тауық етіне уақытша шектеу қояды.
"Біздің бұндай қадамдарға баруымызға Ресей аумағына Қазақстаннан белгісіз өнімдердің келуімен байланысты. Бұл Қазақстан Республикасының ішкі тауар айналымын қадағалайтын жүйесінің жоқтығы" - делінген Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылау басқармасы таратқан мәлімдемеде. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей арасында осыған ұқсас даулар бірнеше рет болған. Көп жағдайларда Ресей тарапы әр түрлі дүниелерді сылтауратып Қазақстан өнімдерін өз аумағына өткізбей кері қайтарған.
Дереккөз: The Qazaq Times