Саясат

Арыста 10 балдық бомба жарылады деген кімге керек?

24.06.19 күні Түркістан облысы, Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, снарядтар тұтанды. Соның салдарынан үлкен жарылыс болып, халық байбаламмен басқа аудандарға, қалаларға қашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір-біріне көмек бергісі келген халық әлеуметтік желі күшін өте азғыры түрде пайдаланды. Оның көмегі тиді. Алайда, осы дүрбелең оқиғаны өз пайдасына не болмаса басқа да мақсатпенwhatsappжелісінде бұрыс ақпаратты таратып жүрген адамдар бар. Хабар түрлері шамамен төмендегі мысалдардай:

·       «МЧС хабарлап жатыр, 10 балдық жарылыс болады екен, туысқандар?!»

·       «Арысқа жұмысқа шақыртып алып жатыр. Әпшем сонда істейді. Содан естіпті, қашыңдар..»

·       «Айнур, жарылыс болады, қашыңдар, Айнур..»

·       «Тоқаев, Шүкеевпен бірге самолетта жиналыс жасап жатыр. Бомба жарады екен..»

·       «Құжаттарын дайындап отырсын дейді.»

·       «Көршілер, жарылыс болып, су басады дейді. Құжаттарыңды ұстап дайын отырыңдар»

·       «Жарылыс болатынын телевизордан айтпай жатыр екен. Дайындалыңдар..»

Барлығы аудио форматта жасалған. Ешқайсысы өзінің аты-жөнін айтып, ақпараттың нақты қайдан алынып, кім жауапты екені анықталмаған. Жалпылама сөздермен «анау айтты, мынау айтты» сияқты тіркестермен айтылады.

Құрметті, оқырмандар, осы тектес жалған ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз. Себебі, оның салдары қосымша мәселелер туғызуы әбден мүмкін. Мысалыға:

·       Бизнесі бар адамдар, төнбеген қауіп жайында естіп, тауға шығып кетсе, олардың дүкендерін, тауарларын жалпылама ұрлау басталуы мүмкін;

·       Жүрегі әлсіз егде жастағы адамдардың денсаулықтарына қауіп төнуі мүмкін;

·       Халық арасында шу тарап, қалада паника басталады.

·       Адамдар жоғалуы мүмкін.

·       Халықтың билікке деген көзқарасы өзгеріп, сенім азаяды.

·       Ең сорақысы – болмаған нәрсені өзіміз қолдан жасап алуымыз мүмкін.

Сол үшін міндетті түрде естіген ақпаратты тексеріп, оның дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін ғана бөлісіңіз. Күмәнді ақпарат таратпаңыз. Ол ең үлкен көмектердің бірі.

Фото иесі: Ернар Алмабек