Саясат
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті
«2019 жылдың 25 маусымы күні сағат 21:34-те «101» пультіне Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Алан» орталық базарының 2 қабатты ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт ғимараттың 1 қабатындағы ойыншықтар мен мұздатқыштар сататын бутигінен шыққан. Өрт сағат 22:00-де ауыздықталып, сағат 22:24-те толық сөндірілді» - деді Н.Нұрахметов. Оның айтуынша, жалын 36 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, комитет өкілі өрт сөндіруге жеке құрамның 9 маманы және Ақтөбе облыстық ТЖД-ның 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылғанын айтып өтті.