Саясат

Тимур Дандыбаев: Арыста шамамен 50 жарылыс болды

Сақтаулы тұрған оқ-дәрілердің әсерінен 50 жарылыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыста шамамен 50 шақты жарылыс болды.  Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев айтты. 

"Онда сақтаулы тұрған оқ-дәрілер бойынша, шамамен кемінде 40-50 жарылыс болды...", - деді Дандыбаев ОСК брифингінде. 

Оның айтуынша, Арыс қоймаларында зымыран-артиллериялық қару-жарақтың оқ-дәрілері, инженерлік оқ-дәрілер, оның ішінде атыс қаруының патрондары, қол гранаттары, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар, зениттік басқарылатын ракеталар, түрлі калибрлі стратегиялық жүйелердің снарядтары, пиротехникалық құралдар мен жинақтаушы элементтер сақталған.

"Қоймада ешқандай зиянды радиоактивті элементтер болған жоқ", - деді қорғаныс министрінің орынбасары.

tengrinews.kz