Экономика
Мнучин: «Қытайдың сауда туралы келісімінде біз 90 пайыз жолды басып болдық және оны аяқтауға жақынбыз»
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ қазына министрлігінің хатшысы Стивен Мнучин CNBC тілшісіне берген сұхбатында АҚШ пен Қытайдың сауда туралы келісімге келуге жақын екенін айтты.
Ол 26 маусым,сәрсенбі күні Манамада CNBC тілшісіне сұхбат беріп: «Біз қытаймен сауда келісі мшартын жасауда 90 пайызға жуық жолды басып болдық және менің ойымша, бұл жолды аяқтауға жақынбыз», - деді.
Ол тағы да Президент Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиң осы аптада өтетін G20 саммитінде сауда келіссөздерінде ортақ мәмілеге қол жеткізе алатынына сенімді екенін жеткізді. «Әрине, біз олардың келіссөз үстелге қайтып оралып келіссөзді жалғастырғанын көргіміз келеді. Бұл екі тараптың экономикасына да пайдалы, сонымен бірге АҚШ экономикасы теңгерімді саудаға қол жеткізіп,және осы қарым-қатынастарды жалғастыруына көмектеседі».
Алайда ол келісімнің соңғы 10%-де нақтылы қандай мазмұндар қамтылатынын немесе транзакцияны аяқтаудың негізгі түйіні не екендігі туралы толық мәлімет ұсынбаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61