Weekend

Жат әдеттен аулақ бол жас ұрпақ!

Еліктеушілік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазірде көп адамдардың жастар тәрбиесіне көңілдері толмайды. Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп бұзақылық жасап тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты. «Мені болар-болмас нәрсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» – деп томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды», – деп ескерткен екен.Бұрынғы кеңестік дәуірде қанша дегенмен өскелең ұрпақты тәртіпке шақырар бірнеше сатылы дағдының болғаны рас. Олар : октябрь, пионер,комсомол деп аталатын ұйымдар еді. Ал, бүгінде жастарымызға ата-анадан басқа жанашыр, ақыл айтар кім бар деп ойлайсыз?! Әркімде өз отбасы үшін алаңдап жүр.  Бірақта балам өскенде қандай адам болады?!- деген алаңдатушылық қазіргі ата-аналарда жоқ секілді көрінеді. Өздерінің таңертеңнен кешке дейін бітпейтін түрлігінен бас алмайды. Ал, балалары болса қалаған жеріне барып, компьютермен ойын ойнап, одан қалса мағынасыз кино көріп өсуде. Әрине, әр отбасының өзінің жеке заңдары болуы керекқой деп ойлаймын. Ең бастысы балаларға дұрыс тәрбие берілуі шарт.

Қазақ xалқы ақкөңіл, анқау жұртпызғой. Жылтырағанның бәрін алтын деп қолымызға алып , қолданып кете береміз. Нью - Йоркте 1974 жылдан пайда болған, елімізге 2010 жылдан бастап танылған «хип-хоп» жанрында өзімізге қосып алдық. Ол ол ма, қазірде солар секілді боламын деп, қарапайым жігіттеріміздің өзі шаштарын түрлі- түсті етіп бояп, сырға тағатын xалге жетті. Жыртық джинсы киып, кейбіреулер сол сымдарын бұтына жіберіп қойған бала секілді салбыратып жүруді шығарды. Өзім жақында ғана куә болған жәйді сізге баяндайын. Кешкі уақытта сабақтан қайтып бара жатып, әдеттегідей автобусқа отырып үйге бара жаттым. Бірер аялдамадан соң , шамамен 17 жастағы жас жігіт анасы екеуі мен отырған автобусқа отырды. Қарамайын десемде шашына көзіме түсе берді. Құдай-ау мұндай көк түске қыздардың өзі де боямайдығой -дедім ішімнен. Анасымен сөйлесіп бара жатыр. Сөзіне құлақ салсам, Мама мен енді шашымды күлгін түске бойаймын деп қояды. Оған мамасы күлді де , жауап қатпады. Не істесеңде өзің білесің деп отқан секілді ғой.

Келесі кезекте жігіттерімізді қоя тұрып, нәзік жанды қыздар қауымына тоқталып өтсек. Олардың да қазір көйлектері қысқарып, көкірек тұстары ашыла түскен шағы. Жаз мезгілі болғандықтан күн ыстық деп сылтаулатып жүр.  Қысқа шорти мен қысқа көйлек киіп алатындарына не дерсіз?! Сонша сынға алды демеңіздер, алайда бұрынға уақытта қазақ қыздары қалай киінгенін өздеріңізде білерсіздер. Сондықтанда олай сылтауратудың керегі жоқ. Бәрі сол қысқа киюден басталатын секілді. Қыздар қауымы  еліктеуші болып келедіғой, алдымен өзгеге қарап қысқа киіп үйренеді.  Сосын денесіне неше түрлі бәлелерді салдырып, оны жұртқа көрсетуге тырысады. Одан қалса, кіндігіне немесе мұрнына сырға секілді бірнәрсе қойдырып алады. 

Мұның бәрі қанымызға сіңбеген жат әдет. Белгілі псиxолог Зәурет Қабылбекованың айтуынша : адам татуаж не татуировканы екі себеппен жасатады:бірі өзгелерден ерекше болғысы келсе, екіншісі – сұлулық үшін. Татуажды  жасататынның дені қыз-келіншектер екен.

«Сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, адам – өз ортасына тез бейімделгіш, көрген жағымды-жағымсыз қасиеттерді бойына тез жұқтырып алатын болмыс. Осы орайда, жаман әдетке тоқталып өтсек. Ол дегеніміз – сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, адамның жеке басына (денсаулығына, беделіне т.б.) кері әсерін тигізетін, жиі қайталанатын, соңы көп жағдайда зор өкінішке ұласатын аса жағымсыз қылықтар. Ол қылықтар болашақта өзіне зиян алып келуі мүмкін. Мысалыға татировка  тек рухани құндылықтарымызға сызат түсіріп қана қоймай, адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Оны медицина мамандары дәлелдеп отыр. Денсаулықтың қадірін білетін біраз мемлекеттер мұндай жат әрекеттерге ресми түрде заңмен тыйым салған. Өйткені, татуировка, пирсинг ағзадағы бұғып жатқан көптеген ауруларды түртіп оятатын көрінеді. Тіпті, денеге инемен сурет салу қатерлі ісікке де әкеліп соғады екен. 

Қорытындылай келе, жастық шақта қылған қателіктер зардабын , қартайған шақта ойламаңыз. Ол уақытта бәрі де кеш болуы мүмкін. Сондықтан да жат әдеттен, аулақ болуға тырысайық жас ұрпақ!