Саясат
Twitter сияқты ірі технологиялық компаниялардың «барлығы демократтар»
26 маусым,сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter, Google және басқа да технологиялық алыптарды қарысы шағым айтты деп хабарлайды CNBC ахбараттық агенттігі. Өйткені ол бұл компаниялар өзінің жаңалықтары мен қоғамдық пікірін басып тастау әрекеттерімен шұғылданды деп санайды.
Трамп Fox Business News-ге берген сұхбатында:«Twitter-дің жасағандары ақылға симайды, олар пікіріңізді жариялауға мүмкіндік бермейді», - деді.Ол тағы да: «Мен сізге не болғанын айтайын, олар алалағандығы үшін жауапқа тартылуға тиісті.Мысалы,кешегі Google компаниясының әкімшілік қызметкерінің не дегеніне қараңызшы, оның сөздерінен республикалықтарға деген жеккөрушілігі көрініп тұр,ол ашықтан ашық: “демократтарға арқа сүйейік”,-деп ұрандатты.»
«Бұл адамдар - демократтар, бүтіндей демократтарды жақтайды.Егер ертең мен өзімнің үздік демократ болғанымды жариялай қалсам, қазіргіден бес есе артық жанкүйер жинай алар едім», - деді ол.
Президенттің бұл пікірлері республикалықтардың Facebook-пен Twitter сияқты әлеуметтік медиа алыптары Трамтың консервативті хабарламалары мен шоттарын тоқтатама деген алаңдаушылығын тудырды.
Техас сенаторы Тед Круз осы жылдың басында Google, Facebook және Twitter-ді консервативті мазмұнды ақтарып, хабарларды әділ түрде қарауға және таратуға бағытталған федералды ережелерге қауіп төндірді деп айыптаған болатын.
Сәуір айында өткенАҚШ-тың Сенат Сотының кіші комитетінің жиналысындаТед Круз:«Егер бізде тэхнологиялық компаниялар монополия өкілеттігін пайдаланып саяси пікірлерді тексеріп,бақылауға алатын болса, онда менің ойымша, монополияға қарсы тұруға байланысты мәселелер туындайды», - деген еді.
Технологиялық компаниялар өз платформаларында саяси алалаушылықтың болғанын жоққа шығарса да,бұл мәселе елдегі негізгі саяси партиялардың арасына жік салды. Ал демократтар республикалықтардың шағымдары еш дәлелсіз екенін алға тартты.