Саясат
Маңызды
Қазақстандық әскерилер Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының көшелерінен жарылмаған 70 снаряд жинады. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, қаланы снарядтардан тазартуға 800 әскери мен 50-ден аса техника іске жұмылдырылған.
Сонымен бірге, әскерилердің күшімен қалаға кірер жолдар жабылып, тұрғындар қаладан тыс жерге көшірілгенін атап өтті қорғаныс министрінің орынбасары. Бірақ баспасөз қызметі әлі де қалада құжаттарын алу үшін қайта оралған жергілікті тұрғындарды жолықтыруға болатынын хабарлады.
Еске сала кетсек, Арыстағы әскери қоймалардағы жарылыс 24 маусым күні таңғы уақытта басталған. Төтенше жағдайдың салдарынан 3 адам қаза тауып, 15 адам жан сақтау бөліміне жеткізілген.