Weekend

Ағылшын тілін қалай үйренуге болады? (Алфавиттен бастап)

Біз ағылшын тіліндегі латын әріптерімен өте жақсы таныспыз. Күнделікті өмірімізде қолданатын заттардың атауында көп кездестіреміз. Мысалыға, сусабыны, жеміс шырындары, балалар ойыншықтары, киімдердің этикеткалары және т.б. Сәйкесінше, біз интуитивті түрде оларды түсініп, оқи аламыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алайда, алфавиттің өзінде біршама тоқталуымыз керек. Себебі, Ұлыбритания, Америка және ағылшын тілін сөйлейтін елдерде мекен-жайды, жеке мәліметтерді әріптеп айту әдеті қалыптасқан.

Мысалы, Mary Price әріптен айтылғанда/emeia:wai pi:a:aisi:i:/ болады. Сонымен қатар, қысқартылған компания, фирма, бренд атаулары әріп бойынша оқылады. Мысалы,BMW/bi: em 'dʌb(ə)lju:/, H&M/eitʃænd em/.

Сырт көзге қиын болып көрінгенмен, ағылшын тілінің алфавиті өзіміздің тілден әлде қайда әріпі де аз, үйренуге де жеңіл. Бар болғаны, 26 әріп және оның ішіндегі 6 әріп дауысты дыбыстар (A, E, I, O, U, Y). Алфавитті және оның оқылуын толығырақ зерттеп көрейік.

Aa /ei/ - name /neim/ - есім 
Bb /bi:/* - bingo /’biŋgəu/ - бинго 
Cc /si:/ - fancy /’fænsi/ - ұнату
Dd /di:/ - dig /dig/ - қазу 
Ee /i:/ - eagle /’i:gl/ - бүркіт 
Ff /ef/ - effort /’efət/ - күш салу 
Gg /dʒi:/ - geography /dʒi'ɔgrəfi/-география 
Hh /eitʃ/ - H&M /eitʃænd em/ - H&M (атақты киім дүкен аты)
Ii /ai/ -ice /ais/ -мұз
Jj /dʒei/ - Jake/dʒeik/ -Джейк
Kk /kei/ - Kate /keit/-Кейт
Ll /el/ - elbow /'elbəu/-шынтақ
Mm /em/ - ham /hæm/-ветчина 
Nn /en/ - end /end/-соңы 
Oo /əu/ - go /gəu/-жүру 
Pp /pi:/ - pillow /’piləu/-жастық 
Qq /kju:/ - queue /kju:/-кезек 
Rr /a:/ - car /ka:/-көлік 
Ss /es/ - blessing /'blesiŋ/- бата беру 
Tt /ti:/ - Yeti /'jeti/- Йети 
Uu /ju:/ - universal /ju:ni'vɛ:s(ə)l/-әмбебап 
Vv /vi:/ - cavity /’kæviti/-қуыс 
Ww/dʌblju:/ - BMW /bi: em dʌb(ə)lju:/–БМВ автокөлігі
Xx /eks/ - x-ray /’eksrei/- рентген 
Yy /wai/ - lullaby /’lʌləbai/-бесік жыры 
Zz /zed/ - zebra /'zebrə/ -зебра.


*Мында/:/ белгісі осы мақалада және кейінгілерде қолданылады. Ол дыбыстың созылуын білдіреді.

Ағылшынша сөздердегі дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы және оқылуында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар әрдайым алфавиттегі дыбысқа сәйкес келе бермейді. Солайша, Аa әріпі дәйім /ei/ болып оқылмайды. Мысалы, apple, cat, talk және т.б. Дауысты дыбыс қандай буында тұрғанына байланысты әріптің оқылуы өзгереді.

Ағылшын тілінде буынның 2 түрі бар. Олар: екпінді және екпінсіз.

Ашық және жабық буындарда кездесетін екпінді буын мысалдарында толығырақ тоқталайық.

Ашық буын дауысты дыбыспен аяқталады. Яғни, дауыссыз дыбыспен жабылмаған. Мысалы, she, stu-dent, po-ta-to, fi-nal.

Ал жабық буын дауыссыз дыбыспен аяқталады. Мысалы, doc-tor, shell, kilt.

Ашық екпінді буында дауысты дыбыстар өздерінің алфавиттегі дыбысталуына сәйкес келеді. Мысалмен пысықтап көрейік:

Дауысты Aa /ei/
Ашық буын la-ter /’leitə/** -кейінрек
Жабық буын cat /kæt/ -мысық
Дауысты дыбыс Ee /i:/
Ашық буын he /hi:/ -ол
Жабық буын bend /bend/ -майыстыру
Дауысты дыбыс Ii /ai/
Ашық буын li-lac /’lailək/ -жұпаргүл
Жабық буын lift /lift/ -лифт,көтеру
Дауысты дыбыс Oo /?u/
Ашық буын pho-to /’fəutəu/ -фотосурет
Жабық буын got /gɔt/ -алды
Дауысты дыбыс Uu /ju:/
Ашық буын cu-te /kju:t/ -сүйкімді
Жабық буын numb /nʌm/ -ұйыпқалған
Дауысты дыбыс Yy /wʌi/
Ашық буын type /taip/ -пернетақтадатеру
Жабық буын myth /miθ/ -аңыз
** Осы мақалада және кейінгілерде /’/ белгісі сөздердегі екпінді білдіретін болады. Ағылшын тілінде екпін буынның алдына қойылады.
Енді, кішкене екпінсіз дауыстылар туралы. e, i, y дауыстылары екпінсіз буында әдетте /i/ дыбысын береді. Алайда, егер олар r дауыссыз дыбысының алдында келсе, жағдай өзгереді.

Ал, a, o, u дауысты дыбыстары екпінсіз буында әрең естілетін /ə/ дыбысын береді. Сонымен қатар, барлық екпінсіз дауысты дыбыстарrәріпінің алдында келсе,/ə/дыбысын береді. Мысалы,

pre-fer /pri’fз:/ -дұрысырақкөру

pla-yer /’pleiə:/ -ойыншы, 
doctor /’dɔktə:/ -дәрігер.

Дауыстыдыбыстарғақарағандадауыссыздардыңсаныкөп.Ол бір жақтан жақсы. Себебі, ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстардың оқылуында қиындықтар жоқ. Bb, Dd, Ff, Hh, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Pp, Tt, Vv, Ww, Xx, Zz дауыссыз дыбыстары сөздерде заң бойынша /b,d,f,h,dz,k,l,m,n,p,t,v,w,x,z/ болып оқылады. Ал қалған дауыссыз дыбыстар қосарлас дыбыс береді.

Сс әріпіe, i, y дауысты дыбыстарының алдында келсе /si/ болып оқылады. Қалған басқа жағдайларда /k/ болады. Мысалы:

cinema /’sinəmə/ - кино
cure /kjuə/ - ем
Ggәріпіe, i,  y дауысты дыбыстарының алдында келсе /dʒi/, ал қалған басқа жағдайларда /g/ болып оқылады. Мысалы:
ginger /’dʒindʒə/ -зімбір
goat /gəut/ -ешкі, теке
Ss әріпі сөз басында және (f,k,p,t) ұяң дауыссыз дыбыстарынан кейін /s/, ал үнді дауыссыздардан кейін, қалған басқа жағдайларда /z/ болып оқылады. Мысалы:
Simon /'saimən/ - Саймон   
books /buks/ - кітаптар
finds /faindz/ - табады   
wise /waiz/ - дана

Qq және Rr дауыссыз дыбыстары ерекше. Q әріпі/kw/деп те оқылады. Мысалы, quick/kwik/- жылдам немесе queue /kju:/ - кезек сөздері.

Rәріпі көп жағдайда айтарлықтай дауыс бермейді, өте әлсіз. Дауысты дыбыстан кейін келсе, оның дыбысын созады, мысалы, car/ka:/- көлік. Алайда,rәріпі сөздің басында келетін болса, өз дыбысын береді. Мысалы, Rick /rik/ - Рик.

Қорытындылай келе, біз ағылшын алфавитімен таныстық. Оның дауысты және дауыссыз дыбыстарының дұрыс оқылуын үйрендік. Сонымен қатар жаңа сөздер үйрендік және олар сізге болашақта пайдалы болады деген үміттемін.