Саясат

Арыс: Арқасын тосқан азамат Қазнетте жұртты сүйсіндірді

Қаһарманның кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егде жастағы әйелдің көлікке шығуы үшін арқасын тосқан құтқарушының суреті бүкіл қазақстандық сайттарға тарап кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖҚ баспасөз қызметі айтып берді. 

Инстаграм парақшаларында фотосурет жағымды пікірлер мен сан мыңдаған лайктарға ие болды. 

- Суретте Шымкент қаласының ТЖД өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев әйелді көлікке көтеріп,  Арыс қаласынан тыс жерде орналасқан эвакуациялық пунктке көшіргелі жатыр. 

Ақпаратты Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов толықтырды. Ол фейсбуктегі парақшасында басты қаһарман Бексұлтан Ибадулла екенін жазды.