Саясат
Биыл мәжіліс депутаттары демалысқа кеш шығады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОның айтуынша, мәжіліс маңызды заң жобаларын қарау үшін сессияны 10 шілдеге дейін ұзартқан.
"Біз сессияны 10 шілдеге дейін создық. Жұмыс істейміз. Қабылдайтын көптеген заң жобасы бар, сондықтан сессия ұзартылды", - деді Олейник БАҚ өкілдеріне.
Демалыстың алдында қаралатын маңызды құжаттардың арасында мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы бар.
Сонымен қатар, депутаттар әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске өзгерістер енгізуді де жоспарлап отыр.
"Сіздер білесіздер, мен заңнама жән сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесімін. Біз жуырда Ақтауда сот-құқық жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткіздік. Бірқатар заңнама түсті, атап айтсақ, әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс те бар. Жұмыс өте көп," – деді депутат.
Олейниктің айтуынша, 10 шілдеден кейін депутаттар сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады.