Түркі әлемі
Түркі елдерінің ынтымақтастығы күшеймек
Түркі тілдес елдер, түркі тілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің (Түркі кеңесі) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған өзінің телеарнасын құрады.
Бұл туралы Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмреев Стамбұлда болған кездесуде журналистерге баяндады.
Бас хатшы Түркі кеңесін Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан мемлекетаралық ұйым ретінде құрғанын және оның қызметіне 10 жылдан асып кеткенін еске салды. Аталған елдерден басқа, Түркі кеңесінің саммиттеріне Өзбекстан мен Түркіменстан өкілдері де қатысты, - деді бас хатшы.