Саясат

Алматылық кішкентай екі бүлдіршін жинаған ақшаларын арыстықтарға аударды

Ағалы-қарындас екі бүлдіршін құтыларындағы қаражатты көмеккен аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматылық   ағайындылар,  ағалы-қарындасты – Мұхаммед пен Мәлика көптен бері  өздері  ақша жинап жүрген құтыларындағы  бүкіл қаражатты  Арыстағы балаларға  көмекке аударуды  ұйғарыпты. Бұл туралы  әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада айтылған. 

Әріптесіміздің  айтуынша, ағайындылар  Арыс қаласында зардап шеккен  балаларға көмек көрсету үшін өз қоржын-құтыларын сындырамыз деп шешкен.  «Менің атым — Мәлика, бұл менің ағам – Мұхаммед! Біз Арыс қаласындағы жарылыстардан зардап шеккен балаларға көмектескіміз келеді. Оларға тағамдар сатып алу үшін  біз осы құтыны сындырамыз»,  – дейді жас меценаттар  бейнеүндеуде. Осыдан кейін олар құтыны  бейнежазбаны түсіріп тұрған  анасына тапсырып, рәсімді орындайды.  Бейнероликтің кейіпкерлері  –  Медеу ауданындағы «Бақытты отбасы» мекемесінің жұмысшысы, көпбалалы ана Баян Мүбаракованың  ұл-қызы.

– Менің төрт балам бар. Мәлика мен Мұхаммед кенжелерім, үлкен ұлым мединститут  студенті. Балаларым  №30 мектепте оқиды: Мұхаммед – төртінші сыныпты, Мәлика – екінші сыныпты бітірді. Біз балаларымыздың тәрбиесіне  айырықша көңіл бөлеміз, басқаларға қамқорлық жасауға, көмектесуге баулимыз. Бүгін таңертең мен оларға Арыс қаласында не болғанын айттым.  Жарылыстар туралы, баспанасынан айырылған балалар жөнінде тілге тиек етіп, олардың  өз үйлеріне қашан оралатыны да белгісіз екеніне  өкініш білдірдім. Олардың қанша ақша жинағанын да білмеймін. Біз оларға  анда-мында  ақша  беріп тұратынбыз. Содан  жинағандары ғой. Негізінен ұсақ-түйек те, 200, 500, 1000 теңгеліктер де бар. Бұл ақшаларына  Арыстағы кішкентай балаларға тәттілер сатып алғысы келеді», – дейді анасы.

Оның айтуынша, оқушылар өз жинағандарын Алматыда  Арыс қаласының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауды жариялаған  «Мен – алматылықпын»  қоғамдық қозғалысын  ұйымдастырушыларға бермек болыпты.  Анасынан  құтыдан шыққан  қаражаттарын Константин Авершинге апарып беруді  сұраған.   «Олар  үнемі  қайырымдылық мақсатын  көздеп, белгілі бір мөлшерде ақша жинастырып, сосын  зәру адамдарға, балаларға  таратуды әдетке айналдырған, – дейді Баян Мүбаракова.

«Мен – алматылықпын» қозғалысының негізін қалаушы Константин Авершин де  кішкентай  меценаттармен жақсы таныс екенін айтады. Оның айтуынша, балалардың   қиын жағдайға тап болғандарға  көмек беруі  бірінші рет  емес екен.  

«Мәлика  мен Мұхаммед  кішкентай кездерінде, Бішкекте  қайғылы оқиға  болғанда да  қомақты қаржы жиналған құтыларын әкеліп тапсырған болатын. Олар бұл қаржыны аналарына  шуба  алып беру үшін жинап жүрген  екен. Міне, содан бері  қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған.  Бұл жолы  маған олардың анасы Баян хабарласып,   «Мәлика мен Мұхаммед ақша жинап қойды, Сізге тапсырғысы келеді» деді.  Мен  біздің кішкентай алматылық сәбилеріміздің бұл аманатын орындап,  нақты көмекке зәру отбасына тапсыруға тиіспін. Сол үшін де оқиға болған жерге өзім барамын. Мәлика мен Мұхаммед біздің  бірлестігіміздің ең жас  әрі ең құрметті  мүшелері», – дейді  Константин Авершин.

tengrinews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61