Саясат

Арысқа жөндеу жұмыстары қалай жүргізіледі - әкімдік жауап берді

Тұрғын үйлер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысатыны айтылады.

"17 сектор 17 облыс әкімдігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті", - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев.

Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек екен.

Еске салайық, мұның алдында Арыста дезинфекция жұмыстарының басталғаны хабарланған болатын. "Арандатушыларды тыңдамаңыздар!" - Шүкеев Арыс тұрғындарына 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61